Павлодар облысында алты тұрғын үйді су басты

Павлодар облысында алты тұрғын үйді су басты
Фото: Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы 12 үйді су басу қаупі бар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақсу қаласында, Павлодар, Ақтоғай, Ертіс, Май, Успен, Железин аудандарында, сондай-ақ, Аққулы ауданында су тасқынына қарсы 10 учаске бақылауда тұр.

– Онда аумағына су кірген 12 тұрғын үйді су басу қаупі бар. Қазір жергілікті жерлерде суды сорып шығару, инертті материал төсеу және тағы басқа жұмыстар жүргізілуде. Облыста 6 тұрғын үйді су басты - олар Ақтоғай ауданының Жалаулы ауылында, Успен ауданының Успен, Вознесенка, Белоусовка ауылдарында, Павлодар ауданының Розовка ауылында және Аққулы ауданының Қазы ауылында, – дейді баспасөз қызметі. 

Облыс бойынша су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу үшін 243 адам, 78 бірлік арнайы техника, 22 мотопомпа, 2 жүзу құралдары жұмылдырылды. Жұмыстар тәулік бойы жүргізілуде.

Барлығы 34 477 текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 880 қап инертті материал төселді, 320 тонна инертті материал төгілді.