Павлодар облысында апта бойы күн ыстық болады

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, 13 мамырда облыстың батысында, солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың солтүстігінде қатты жаңбыр, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұрады. Сынап бағанасы түнде +10...+15°С, ал күндіз +22...+27°С, облыстың оңтүстігінде +32°С-ты көрсетеді.
14 мамырда да жауын-шашын болады. Ауа температурасы түнде +8...+13°С, ал күндіз +22...+27°С, облыстың оңтүстігінде +32°С-қа дейін көтеріледі.
15 мамырда түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай күркірейді. Сынап бағанасы түнде +10...+15°С, ал күндіз +17...+22°С, облыстың оңтүстігінде +27...+32°С-ты көрсетеді.
16 мамырда да жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +10...+15°С, облыстың солтүстігінде +7°С, ал күндіз +17...+22°С, облыстың оңтүстігінде +27...+32°С-қа дейін көтеріледі.
Сенбіде күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай күркірейді. Сынап бағанасы түнде +8...+13°С, облыстың солтүстігінде +5°С, ал күндіз +18...+23°С, облыстың оңтүстігінде +26°С-ты көрсетеді.
Жексенбіде қатты жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +10...+15°С, ал күндіз +27...+32°С болады.