Ақсуға қарасты ауылдарда фельдшерлік-акушерлік пункттер салынды

Ақсуға қарасты ауылдарда фельдшерлік-акушерлік пункттер салынды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қазіргі уақытта нысандарды қабылдау-тапсыру жұмыстары рәсімделуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Ақсу қаласының әкімі Болатбек Шәріпов ауылдық округтер бойынша жұмыс сапарын өткізді. Құркөл ауылындағы медициналық пунктті, сондай-ақ Еңбек және Үштерек ауылдарындағы фельдшерлік-акушерлік пункттерді қарап шықты.

Құркөл ауылындағы медициналық пункт пен Үштерек ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылыс жұмыстары толық аяқталып, қажетті жабдықтар орнатылып, қабылданды. 

Еңбек ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункті жұмыс істеуде, ауыл тұрғындарына қажетті медициналық қызмет көрсетуде.

Сонымен қатар, ол Үштерек орта мектебі мен дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне барып қайтты.

Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, нысанды пайдалануға беру рәсімі жүргізілуде.