Павлодар облысында ауа райына байланысты көлік қозғалысы шектелді
Ауа райы қолайсыз, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 желтоқсан сағат 22:00-ден бастап «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автомобиль жолының 200–254 шақырым аралығындағы учаскесі, яғни Ақмола облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейінгі аралықта жүк және қоғамдық көліктің қозғалысына уақытша шектеу қойылды.
Жолды 25 желтоқсан сағат 9:00-де ашу жоспарланып отыр.