«ЕЭК» АҚ-ның қаржылық қызметіне жан-жақты талдау жүргізілді

Тәуелсіз аудиттің қорытындылары белгілі болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Компанияның қаржылық есебі халықаралық стандарттарға сәйкес талданды. Тәуелсіз аудитор «Евроазиаттық энергетикалық корпорация» АҚ–ның 2024 жылғы қаржылық қызметіне жан-жақты талдау жүргізді. Тексеру бухгалтерлік баланс, кірістер мен шығыстар туралы есеп, ақша қозғалысы және капиталдағы өзгерістерді қамтыды.
«Евроазиаттық энергетикалық корпорация» АҚ – Қазақстандағы ірі көмір мен электр энергиясын жеткізушілердің бірі. ҚР «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 25– бабы 2–тармағына сәйкес орналастырылған аудиттелген қаржылық есеппен қосымша материалдардан танысуға болады.
Жарнамалық материал