Павлодарда автокөлік салонынан ақша ұрлаған адам ұсталды

Павлодарда автокөлік салонынан ақша ұрлаған адам ұсталды

30 жастағы тұрғынға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz

Polisia.kz ақпараттық-медиа порталының мәліметінше, шілде айында   полицияға аулада тұрған көлікті бұзып, ішінен ұрлық жасалғаны туралы өтініш түскен.

– Тәртіп сақшыларының келісілген әрекеттерінің нәтижесінде ұрлық жасады деген күдікті табылып, ұсталды. Ол облыс орталығының жұмыс істемейтін 30 жастағы тұрғыны болып шықты, – делінген хабарламада. – Күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Тергеу барысында ер адам қала көшелерінің бірінде аулада тұрған отандық автокөлікті көріп, көлік құралының алдыңғы есігінің әйнегі арқылы жолаушылар орындығында қалған ішінде ақша бар әмиянды және банк карталарын алып кеткендігі анықталды.

Павлодар облысының полиция департаменті өңір тұрғындары мен қонақтарына автокөліктің салонында аз уақытқа болса да сөмкелер, ноутбуктер, ұялы телефондар және басқа да құнды заттар мен құжаттарды қалдырмауды ескертеді.

Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті