Павлодар облысында ауыр жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды

Павлодар облысында ауыр жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бұл шаралар жол жамылғысын сақтауға бағытталған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ҚазАвтоЖол» автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық операторы баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл сайын жазда елде жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі. Бұл жол жамылғысын сақтауға және жоғары температура жағдайында жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі.

Шектеулер өңір аумағында 1 маусым мен 15 тамыз аралығында сағат 11:00-ден 21:00-ге дейін ауа температурасы 25 градустан болған кезде қолданылады.