Павлодарда жүргізуші жасөспірімге су шашып, ұрып кетті
Бала соққы салдарынан ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 қыркүйек сағат 19:00 шамасында 17 жастағы колледж студенті Катаев көшесінде жол жиегімен жүріп келе жатқан кезде көлік жүргізушісі студентке жаңбыр суын шашып кеткен. Ызаланған бала дөрекілік көрсеткен. Мұны естіген көлік жүргізушісі тоқтап, жолаушыларымен бірге кәмелеттік жасқа толмаған баланы соққыға жыққан.
– Қазіргі уақытта жүргізуші анықталды, ол 27 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Қалған қатысушылар мен оқиғаның мән-жайлары анықталды, – деді департаментте.
Аталған фактіге қатысты Қазақстан Республикасы ҚК 293-бабының 2-бөлігі – бұзақылық бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.