Аққулы ауданында зейнеткерлер үйін су басты
Үй тұрғындары тасымалданды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, дала аймағы мен егістіктерден жер бедері бойынша келген еріген қар суының үлкен көлеміне байланысты еріген қар суы Қазы ауылы арқылы өтті.
Ауыл тұрғындарының айтуынша, Маметов көшесі, 10 мекенжайы бойынша тұрғын үйді су басқан. Ол үйде мүгедек баласы бар зейнеткерлер тұрады.
Оқиға орнына аудан әкімі, жергілікті атқарушы органдар мен төтенше жағдайлар бөлімі келді.
Қазіргі уақытта 60 адам, 20 бірлік мамандандырылған техника жұмылдырылды, оның ішінде: 4 мотопомпа, 3 жүк тиегіш, 2 МТЗ-82 тракторы, 2 Камаз, 1 Shacman жүк көлігі, 1 экскаватор, 1 Газ-53 жүк көлігі, 1 Уаз, 5 жеңіл автомобиль.
Ауылда барлық қажетті жұмыстар жүргізілуде.