Қыздар төбелесі: Павлодарда заңды өкіл жауапқа тартылды

Қыздар төбелесі: Павлодарда заңды өкіл жауапқа тартылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Әлеуметтік желіде қыз баланың екінші қызға жұдырық жұмсап, соққыға жыққаны түсірілген видео тарады, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Облыстық полиция департаментінде ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. 

Бұл жағдайға қатысқан кәмелетке толмаған заңды өкіліне кепілгерлігімен тапсырылды. Сонымен қатар, балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін оның заңды өкілі жауапқа тартылды. Жасөспірім профилактикалық есепке алынды, – деді департаментте. 

Павлодар қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға тиісті ұсыныс енгізілді. 

Ювеналды полиция қызметкерлері болашақта мұндай жағдайлардың алдын алуға бағытталған профилактикалық шараларды жалғастыруда.