Павлодар облысында автожол ашылды

Павлодар облысында автожол ашылды
Фото: Константин Шелков

Бұл туралы Павлодар облысының полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бүгін сағат 9:00-ден бастап Шідерті кентінен Ақмола облысының шекарасына дейінгі автожол учаскесі ашылды.

Еске сала кетейік, кеше ауа райының күрт нашарлауына байланысты 18:00-ден бастап Шідерті кентінен Ақмола облысының шекарасына дейінгі автожолда барлық көлік түрлеріне шектеу қойылған болатын.

Мамандар 17 ақпанда Павлодар облысының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр және қар күтілуде екенін ескертеді. Әрі жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдағы ауа райының қолайсыздығын ескеруді сұрайды.