Сенбіде Павлодар облысында жаяу бұрқасын күтіледі
Қазгидромет 4 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
- 04 наурызда таңертең және күндіз Павлодар облысының солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, онтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі, - деді Қазгидрометте.
Облыста ауа температурасы күндіз -2 -4 °C, желдің жылдамдығы 9-14, кей уақыттарда екпіні 18 м/с болмақ.
Фото: Константин Шелков