Павлодарлық университет күн батареяларымен жарықтандырылады

Павлодарлық университет күн батареяларымен жарықтандырылады
Фото: pixabay.com

ЖЭК пайдалану және жасыл энергетикаға көшу - ToU-да зерттеліп жатқан және насихатталатын бағыттардың бірі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Бірнеше жылдан бері Торайғыров университетінде жаңартылатын энергия көздері есебінен тәуліктің қараңғы уақытында бас ғимараттың қасбеті мен «Дос-Мұқасан» аллеясы жарықтандырылып келеді. Ол үшін жел қондырғысы мен күн батареялары қолданылады және оны университет ғимаратының жанынан өткен кез келген адам байқай алады.

– Біздің университеттің шағын мысалында жасыл энергетиканы барлық жерде қолдануға болатындығын көрсеткім келеді. Бас оқу ғимаратының жарықтандырылған қасбеті жай ғана әдемі сурет емес, бұл – біздің экологиялық принциптерге деген адалдығымыздың символы. ToU осы саладағы тәжірибелерімен және білімдерімен бөлісуге дайын, осылайша біз бірге жасыл болашақты жасай аламыз, – деп атап өтті ToU ректорының міндетін атқарушы Нұрлан Ержанов.

Сондықтан Торайғыров университеті GREEN ENERGY CHALLENGE-ге қатысады және барлығын бұл шарадан тыс қалмауға шақырады.