Павлодар облысында бұрқасын, көктайғақ және екпінді жел күтіледі
Түнде ауа температурасы –5–7 °C шамасында болады, деп хабарлайды деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК–ның мәліметіне сәйкес, 11 ақпанда аспан бұлтты, жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі. Сонымен қатар, бұрқасын соғып, жолдарда көктайғақ пайда болуы ықтимал. Жел оңтүстік-батыстан соғып, жылдамдығы секундына 15–20 метрге, кей жерлерде екпіні секундына 23–28 метрге дейін жетеді.
Күндіз ауа температурасы –5–7 °C деңгейінде сақталып, одан әрі төмендейді. Ауа райы бұлтты, жауын-шашын жалғасады. Қар аралас жаңбыр, бұрқасын және көктайғақ жағдайды қиындатады.
Мамандар жүргізушілерді жолда аса сақ болуға, ал тұрғындарды ауа райына сәйкес киініп, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.