Тереңкөл ауданында бірнеше километр жол жөнделді

Тереңкөл ауданында бірнеше километр жол жөнделді
Фото: Константин Шелков

Жөнделген жолдардың сапасын «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» филиалының мамандары тексерді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Кәсіпорын мәліметінше, биыл Тереңкөл ауданында жалпы ұзындығы 12 киллометр болатын бірнеше жол нысаны жөнделді.

Калиновка ауылына апаратын үш киллометр ұзындығындағы жолды «Асфальтобетон-ПВ» ЖШС мердігер ұйымы асфальттады.

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша Ивановка ауылындағы бес ішкі ауылдық жол орташа жөндеуден өткізілді, ал Песчаное ауылында 10 ішкі көшеге жол төселді.

– Бұл нысандарға 14 рет шығып, жол-құрылыс материалдарынан 48 сынама алдық. Тексеру нәтижесінде 11 сынама талаптарға сәйкес келмеді. Барлық анықталған кемшіліктер мердігердің қаражаты есебінен жойылады, – деді мамандар.

Биыл 120 жобаға арналған жол жөндеу жұмыстарына бюджеттен шамамен 60 миллиард теңге бөлінді.