Жол бермеді: Павлодарда екі көлік соқтығысты

Жол бермеді: Павлодарда екі көлік соқтығысты
Фото: Автор

Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 17:00 шамасында Астана – Естай көшелерінің қиылысында «ЗАЗ968м» автокөлігі мен «Hyundai Santafe» автокөлігі соқтығысты. 

– Жол апаты салдарынан зардап шеккендер жоқ. «ЗАЗ968м» көлігінің жүргізушісі бұрылыста қарсы келе жатқан көлікке жол бермей, жол апатына себепші болған. Салдарынан оған «Hyundai Santafe» көлігі соқтығысып, әрі қарай бордюрға шығып кеткен, – дейді департаментте. 

Аталған фактіге қатысты ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде.