Павлодар облысында балық шаруашылығын дамытуды субсидиялауға өтінімдер қабылдайды

Павлодар облысында балық шаруашылығын дамытуды субсидиялауға өтінімдер қабылдайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өтінімдер биылғы жылдың 31 тамызы мен 15 желтоқсан аралығында «BALYQSY» ақпараттық сервисі арқылы қабылданады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысы жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы балық шаруашылығын дамытуды субсидиялауға субсидиялаудың келесі түрлері бойынша электрондық өтінімдерді қабылдау басталғанын хабарлайды:

- балықтарға арналған құрама жем өндіретін зауыт (цех) құру және (немесе) кеңейту;

- қуаттылығы жылына 25 тонна тауарлы балықтан басталатын тоғанда балық өсіру шаруашылығын, сондай-ақ қуаты 1 миллион дана біржазғы тұқы және 200 мың дана біржазғы бекіре балық түрлерінің шабақтарын өндіретін балық  тәлімбақтарын құру және (немесе) кеңейту;

- жылына 45 тонна тауарлы балық өсіру үшін сумен қамтамасыз ету циклі тұйықталған балық өсіру шаруашылығын құру және (немесе) кеңейту;

- жылына 50 тонна тауарлы балық өсіру үшін тор қоршауда балық өсіру шаруашылығын құру және (немесе) кеңейту;

- Ауданы 50 гектардан кем емес көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығы үшін жабдықтар мен техника, отандық өндірістегі балықтарға жем сатып алу;

- өндірістік қуаты тәулігіне 1 тоннадан басталатын балық өңдеу объектісін құру және (немесе) кеңейту;

- балық өсіру-биологиялық негіздемеге;

- балық отырғызу материалына;

- дәрілік препараттарға;

- акваөсіру (балық өсіру) мақсатында балық басын толықтыратын аналық балық үйірі мен оларды күтіп бағуға.

Қосымша ақпаратты мына мекенжайдан алуға болады: Жеңіс алаңы, 5Б, 302-кабинет. Байланыс телефондары: 65-25-57, 32-00-85, +7 777 001 0579.