Павлодар облысы шоколад бағасы төмен бес өңірдің қатарында

Павлодар облысы шоколад бағасы төмен бес өңірдің қатарында
Фото: pixabay.com/Ri_Ya

Екінші жыл қатарынан Қазақстанда шоколад пен шоколад және қанттан жасалған кондитерлік өнімдер өндірісі төмендеп келеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Energyprom.kz сарапшыларының мәліметінше, биылғы жылдың бірінші тоқсанында елімізде 19 мың тоннадан астам өнім өндірілді. Бұл – 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,2% аз. Қаңтар-ақпан айларында отандық кондитерлік зауыттар шоколад пен шоколад  және қанттан жасалған кондитерлік өнімдерге сұраныстың 40% қамтамасыз етті. 

Бұл ретте импорт көлемі шамамен 13% өсті, ал оның жалпы ұсыныс көлеміндегі үлес салмағы 61% асты. 

Шоколад бағасы үнемі өсіп отырады. Наурыз айына қарай аталған тәтті өнімдердің қымбаттауы 3,6% құрады. Мәселен, өткен наурыз айына қарай шоколад бағасы тек 1% өсті. 

Өңірлік бөліністе құнның ең көп өсуі Солтүстік Қазақстан облысында байқалды: жылына бірден бір жарым есе. Одан кейін Қарағанды облысы тұр – 41,5%. Қызылорда және Атырау облыстарында баға айтарлықтай өсе қоймаған. Павлодар облысында 15% қымбаттаған, ел бойынша орташа көрсеткіш – 28%.