Павлодар облысында бес жүзден астам бала «Имандылық әліппесін» үйренді
Облыс бойынша 575 қыз бала имандылық әліппесінен білім алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінде «Имани жаз – 2024» жазғы сауат ашу курстарын тәмамдау мақсатымен қорытынды кеш өтті. Жиында бас имам Жолдас қажы Қоспақұлы балаларға тәртіпті ұрпақ болып өсуі жөнінде насихат айтты.
Курс аясында оқушылар «Имандылық әліппесі», «Құран әліппесі» және «Тәрбие дәрістері» негізінде білім алды.
Айта кетейік, аталмыш іс-шара мектеп оқушыларының білім нәрімен сусындап, жазғы демалысын пайдалы өткізу мақсатында жыл сайын ұйымдастырылады. Сондай-ақ, үш апталық «Діни сауат ашу» курсында ҚМДБ-ның бекіткен «Имандылық әліппесі» атты кітаптан Алланың көркем есімдері, мақал-мәтелдер, ғибратты әңгімелер, ислам әдептерін үйреніп, курсты сәтті аяқтағаны үшін барлық шәкірттерге Алғыс хаттар мен сыйлықтар берілді.
Еске салайық, Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі қарсаңында еліміздегі мешіттерде «Имани жаз – 2024» жазғы сауат ашу курстарының жобасы жүзеге асырылған болатын.