Павлодар облысында бірқатар бағытта жолдар ашылды

Павлодар облысында бірқатар бағытта жолдар ашылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Күн райының ашылуына байланысты шектеу алынды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 наурыз күні сағат 06.30-дан бастап ауа райының жақсаруына байланысты Шідерті кентінен Ақмола облысының шекарасына дейін барлық көлік түрлері үшін Астана-Шідерті-Павлодар-Успен шекарасы, РФ (200-254 км)  республикалық маңызы бар автожол учаскесінде қозғалыс ашылды. 

11 наурыз күні сағат 07-00-ден бастап ауа райының жақсаруына байланысты республикалық маңызы бар автожолдың екі учаскесінде қозғалыс ашылады: Баянауыл кентінен Қарағанды облысының шекарасына дейін көліктің барлық түрлері үшін Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара (137-231 км) бағыты. 

Шідерті кентінен Қарағанды облысының шекарасына дейін барлық көлік түрлері үшін Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Шідерті (1135-1206 км) бағыты.