Павлодар облысында үш ауылда жарықты қалпына келтіруде

Павлодар облысында үш ауылда жарықты қалпына келтіруде
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

114 ауылдық елді мекенде жарық қалпына келтірілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, 2023 жылғы 10 қаңтардан 11 қаңтарға қараған түні қолайсыз ауа райына байланысты өңірдің 117 ауылдық елді мекенінде электр қуатының өшіп қалуы тіркелген болатын.

Сағат 18:00-дегі жағдай бойынша қалған үш ауылдық елді мекенде жөңдеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл – Ақсу қаласының ауылдық аймағындағы Қалқаман және Ақжол ауылдары, сонымен қатар, Баянауыл ауданындағы Майкөбе ауылы.

Естеріңізге сала кетейік, 65 бригада күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.