Павлодарда онко-орталық медициналық қызметкерлер үшін жатақханаға айналады

Павлодарда онко-орталық медициналық қызметкерлер үшін жатақханаға айналады
Фото: Константин Шелков

Ғимаратты қайта құру жұмыстары 2025 жылға жоспарланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Аймақ басшысының тапсырмасы бойынша Павлодарда онкологиялық аурухананың бұрынғы корпусы қайта жаңғыртылады. 

Дизайнерлер ғимаратты балабақшасы бар отбасылық типтегі жатақхана ретінде қайта құрумен айналысады. Онда медицина қызметкерлері тұратын болады. 

– Ғимаратты қала әкімдігіне теңгерімге тапсырдық. Олар оны жатақхана ретінде қайта құруды жүзеге асырады. Жоба 2025 жылға жоспарланған, – деді Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әнуар Бұйрашев. 

Еске сала кетейік, Павлодар қаласы бойынша жас мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін 2024 жыдың наурыз айында Иса Байзақов көшесі, 151/2 мекенжайындағы жатақхананы қайта жаңарту аяқталып, онда жас мамандарға 27 бөлме бөлінді. Қазіргі уақытта жеті бөлмеде жас мамандар тұрады. Биыл өңірімізге 139 дәрігер келеді деп күтілуде. Қалған бөлмелерге сол мамандар қоныстанады деп жоспарлануда.