Павлодар облысында демеуші жабайы жануарларға үш тонна жем ұсынды

Бұл жануарларға қыс мезгілінде азық тапшылығы мәселесін шешуге көмектеседі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы «Таза Қазақстан» акциясы аясында кәсіпкер Дмитрий Демченконың көмегінің «Жабайы жануарларға қамқорлық» акциясын ұйымдастырды. Ол жабайы жануарларды азықтандыру үшін тегін жем бөлді.
Үш тонна көлеміндегі астық, тұқым, тары Ертіс өзенінің жайылмасының ерекше қорғалатын табиғи аумағындағы азықтандыру алаңдарына төселеді.
– Павлодар орман шаруашылығының орманшылары 3 ақпаннан 15 наурызға дейін жабайы жануарларға азық салуды жалғастырады, – дейді инспекцияда.
Ертіс өзенінің жайылмасында жабайы тұяқты жануарлар – бұландар, қабандар, еліктер, түлкілер, қояндар, қарсақтар мекендейді.
Павлодар облысы бойынша барлығы 349 астау, 332 сортаң, 142 азықтандыру алаңы, 70 жасанды суару шұңқыры орнатылды. Жазда 70 тоннадан астам шөп, жеті тонна астық қалдықтары, үш мың келі тұз, 19 мың дана бұтақты жем дайындалып, қыс мезгілінде салынады.