Павлодар облысында ЭКҰ квоталарын бөлу кезінде кімге артықшылық беріледі?

Павлодар облысында ЭКҰ квоталарын бөлу кезінде кімге артықшылық беріледі?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Соңғы бірнеше жылда «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша өңір экстракорпоралды ұрықтандырудың тегін процедураларына мыңнан астам квота алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Мұқышеваның айтуынша, соның арқасында 2021 жылдан 2024 жылға дейін өңірдің 384 жаңа тұрғыны дүниеге келген.

Биыл облыс өз бетінше жүкті бола алмайтын әйелдерге 280 квота алды. Оның 74-і оң нәтиже алды. 34 әйел ана атанды. Квоталардың 60 пайыздан астамын ауыл тұрғындарына береміз, – деді басқарма басшысының орынбасары.

Бағдарламаны бедеулік диагнозы қойылған және есірткіге, алкогольге тәуелділіктен зардап шекпейтін, соматикалық және психикалық аурулары жоқ Қазақстан азаматтары пайдалана алады.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна төлейтіндерге ЭКҰ бағдарламасына қатысу тегін.

Айта кетейік, Павлодар облысында репродуктивті денсаулық апталығы өтуде. Апта аясында баспасөз конференциялары, жастар денсаулық орталықтарында ашық есік күндері, тегін кеңестер, скринингтер және экспресс-тестілеу жоспарланған.