Павлодар облысында екі республикалық маңызы бар жол жабылды
Оған ауа райының күрт нашарлауы себеп, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 7 ақпан күні сағат 13:00-ден бастап «Қызылорда-Павлодар» республикалық маңызы бар автожол учаскесінде (1206-1135 шақырым) Шідерті кентінен Қарағанды облысының шекарасына дейінгі аумақ көліктің барлық түрлері үшін жабық. Оған Қарағанды облысындағы ауа райының нашарлауы себеп.
Ал бүгін сағат 13:30-дан бастап Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты (боран, жолдың көрінбеуі) «Астана-Ерейментау-Шідерті» (205-259 шақырым) яғни Шідерті кентінен Ақмола облысының шекарасына дейінгі республикалық маңызы бар учаскіде барлық автокөліктердің қозғалысы шектелді.