Екібастұздық жас шахматшы ел біріншілігінде үш дүркін жеңімпаз атанды

Екібастұздық жас шахматшы ел біріншілігінде үш дүркін жеңімпаз атанды
Фото: @zhumambayeva_aliya

Ол балалар арасындағы классикалық шахмат чемпионатына қатысып, алтын медальге қол жеткізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Шымкент қаласында өткен жас бүлдіршіндер арасындағы ел біріншілігі Қазақстанның түпкір-түпкірінен 600-ден астам шахматшының басын қосты. 6, 8, 10 және 12 жасқа дейінгі жас санаттарындағы ұлдар мен қыздар классикалық шахматтан өзара бақ сынады. Медаль саны бойынша Астана, Алматы қалалары және Павлодар облысы көшбасшы атанды. 

Екібастұз оқушысы Әлия Жұмамбаева 10 жасқа дейінгі қыздар санатында алтын медаль жеңіп алып, Қазақстан чемпионы атанды. Ол чемпионатқа қатарынан үш жыл қатысып, жеңімпаз атанып отыр. Енді Әлия Әлем чемпионатына баратын болады. 

Ал тағы бір жас шахматшы Әділет Омарбек бес сағаттық ойында мықты қарсыласты жеңіп, 110 қатысушының ішінен бесінші орынды иеленді.  Ол Батыс Азия чемпионатына жолдама алды. 

Сондай-ақ, Жансая Жанқараева да Батыс Азия чемпионатына барады. Екібастұздық оқушы 70 мықты шахматшының ішінен бесінші орынға ие болды.