Павлодарлықтарға онколог дәрігерлер тегін кеңес береді
Онкодиспансер тұрғындарды өкпе обырына қатысты диагностикадан өтуге шақырады , деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 25 қараша күні Павлодар облыстық онкологиялық диспансерінде өкпе обырының алдын алуға және ерте анықтауға арналған ашық есік күні өтеді.
– Дәрігердің нұсқауымен науқастарға өкпенің төмен дозалы КТ жүргізілетін болады,– делінген хабарламада.
Ашық есіктер күнінде онкологиялық диспансер мамандарының кеңесін тегін алады. Адамдар алдын ала жазылуынсыз қабылдауға өтеді. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы қажет.
Ашық есіктер күні Российская көшесі, 57/3 құрылыс, А корпусы мекенжайында өтеді. Байланыс телефоны: 66-00-91, 66-00-97, 66-00-98.