Павлодар облысында ең апатты жол учаскесінде жылдамдық шектейтін белгілер қойылды

Жолақтар жүргізушілерге қауіпті учаскенің басталуы туралы ескертеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Қауіпсіз жол» республикалық ЖПІШ шеңберінде Павлодар ауданының әкімшілік полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларына талдау жүргізді. Нәтижесінде «Павлодар-Шарбақты – РФ шекарасы» автожолының 22-ден 28 шақырымына дейінгі бөлік ең апатты-қауіпті учаскесі болып анықталды.
Қозғалыс қауіпсіздігін арттыру үшін «ҚАЖсервис» ЖШС Павлодар облыстық филиалымен бірлесіп және аудан прокуратурасының үйлестіруімен «Басып озуға тыйым салынады», «Өзге де қауіптер», «Ең жоғары жылдамдықты 80 км/сағ шектеу» жол белгілері және строб шамдары орнатылды.
– Аталған шаралардың барлығы апаттылықты азайтуға, жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауға, сондай-ақ жол қауіпсіздігі деңгейін арттыруға бағытталған, – деді Павлодар ауданының әкімшілік полиция бастығы Бауыржан Мақашев.
Полиция жүргізушілерді жолдарда өте мұқият болуға шақырады