Павлодар облысында еңбек қауіпсіздігі күшейтілуде

Павлодар облысында еңбек қауіпсіздігі күшейтілуде
Фото: pexels.com / Tima Miroshnichenko

Бұзушылықтардың алдын алу үшін «еңбек қауіптері картасы» енгізіліп, кәсіподақтармен бірге жұмыс жалғасады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Өңір орталығында облыстық еңбек инспекциясы департаментінің басшысы мен кәсіподақ өкілдерінің кездесуі өтті.

Кездесудің мақсаты – өңір кәсіпорындарында еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және еңбек заңнамасының сақталуын бақылау бойынша күш-жігерді біріктіру.

Кездесу барысында өзекті мәселелер талқыланды: қызметкерлердің жеткіліксіз оқытылуы, жеке қорғаныс құралдарын беру тәртібінің бұзылуы, жұмыс уақытының есебін жүргізудегі қателіктер және жалақыны кешіктіру жағдайлары, – деді мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің өңір бойынша департаментінің баспасөз қызметі.

Кәсіподақтардың рөліне ерекше назар аударылды. Олар жұмысшылар мен жұмыс берушілер арасындағы диалогты қамтамасыз етіп, еңбек құқықтары бойынша кеңес беріп, маңызды проблемаларды көтеруге ықпал етеді.

Бұзушылықтардың алдын алудың жаңа құралдарының бірі – «еңбек қауіптері картасы». Бұл құрал кәсіпорындардағы проблемалық тұстарды анықтап, оларды жоюға мүмкіндік береді. Осы бағыттағы жұмыс кәсіподақ ұйымдарымен бірлесе жалғасатын болады, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру төлемдерінің уақытылы аударылмауы, еңбек шарттарының болмауы сияқты мәселелер де қозғалды. Бұл бағытта профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

Павлодарлықтар еңбек заңнамасының бұзылуы, жалақының кешігуі, еңбек шарттарының жасалмауы, жеке қорғаныс құралдарының жетіспеушілігі және жұмыс уақытының дұрыс есептелмеуі сияқты мәселелер бойынша облыстық еңбек инспекциясы департаментіне хабарласа алады.

Мекенжайы: Астана көшесі, 153, 25-26 кеңселер, 2-қабат.

Телефон нөмірлері: +7 (7182) 66-33-04, +7 (7182) 66-33-08.

Жұмыс уақыты: дүйсенбі – жұма, 8:00 – 17:30, түскі үзіліс 13:00 – 14:30.