Павлодарда гидравликалық сынақтар аяқталды

Павлодарда гидравликалық сынақтар аяқталды
Фото: Константин Шелков

Енді жылу желілерін жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбековтың қаладағы гидравликалық сынақтар аяқталғанын мәлімдеді. Әкім ақаулар анықталған жерлерді жөндеу жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын тексерді.

– Бүгінгі таңда қаланың екі желілік ауданы бойынша 142 зақымданған жер анықталды. Оларды жою үшін 25 бригада жұмыс істеуде. Оңтүстік желілік аудан бойынша жұмысты 5 қыркүйекке дейін, солтүстік ауданда - ағымдағы жылдың 10 қыркүйегіне дейін аяқтаймыз, – дейді Хасар Хабылбеков. 

Сонымен қатар, ТМ-20 жылу магистралін күрделі жөндеу жұмыстарының барысын тексерілді. Мұнда диаметрі 1000 мм, жалпы ұзындығы 800 метр құбыр толығымен ауыстырылады. Биылғы жылыту маусымы басталғанға дейін аяқтау жоспарлануда.

Әкім жауапты тұлғаларға жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасы мен мерзімін күн сайын бақылауда ұстауды тапсырды.