Павлодар облысында «Halyk Tumar» мобильді қосымшасының тұсаукесері өтті
Қосымша арқылы тұрғындар уәкілетті органдарды жасалған қылмыс туралы хабардар ете алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық мәслихат баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін Zoom платформасында аудандық, қалалық және облыстық мәслихат депутаттарымен «Құқықтық сағат» өткізіліп, онда облыстық прокуратурамен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» мәселесі талқыланып, жоспар бекітілді.
Облыстық прокуратура «Halyk Tumar» мобильді қосымшасын әзірледі, онда облыс тұрғындары уәкілетті органдарды жасалған қылмыстар туралы хабардар етеді. Бұл қосымшаны қазірдің өзінде Ақсу қаласының тұрғындары белсенді пайдаланады. Пилоттық жоба туралы облыстық прокуратураның бірінші орынбасары Ержан Дүйсекенов айтып берді.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтарын және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға әдетте қол қойғанын бәрі біледі, жауапкершілік артты. Бүгінгі бас қосуда біз де бұл мәселені назардан тыс қалдырмай, келісім орталығының басшысы Марина Иванованың осы тақырып бойынша жан-жақты баяндамасын тыңдап, сауалдарымызды қойдық, – делінген хабарламада.
Жиын соңында осы саланың мамандарымен ай сайын «Құқықтық сағат» өткізіп, онда Қазақстан Республикасының Заңдарына енгізілген өзгерістерді талқылап, құқықтық мәдениет деңгейін көтеру ұсынылды.