Павлодар облысында күн салқындап, кей жерлерде үсік жүреді
Өңірде жел күшейіп, түнде ауа температурасы нөлден төмен түсуі мүмкін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» мәліметінше, 26 қыркүйек күні Павлодар облысында түнде кей жерлерде жаңбыр жауып, тұман түседі. Күндіз жауын-шашын күтілмейді.
Түнде ауа температурасы облыс бойынша +3...+8 градус болады. Өңірдің батысы мен солтүстігінде 1 градусқа дейін үсік күтіледі. Күндіз ауа +12...+17 градусқа дейін жылынады.
Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метрге жетеді. Облыстың батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде екпіні секундына 15–20 метрге дейін күшеюі мүмкін.
Павлодар қаласында түнде +5...+7 градус, күндіз +14...+16 градус шамасында болады. Көшпелі бұлт шығады, күндіз жауын-шашын күтілмейді. Солтүстік-шығыстан секундына 9–14 метр жел соғады.