Павлодар облысында көліктердің жылдамдығын автоматты түрде өлшейтін кешен қосылады

Ол құқық бұзушыларды тез арада табуға көмек етеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ жүргізуші тәртібін арттыру мақсатында 22 тамыздан Екібастұз, Ақсу қалаларында және аудан орталықтарында «EkinBoxSpotter Павлодар» жүйесінің 60 сертификатталған аппараттық-бағдарламалық кешені жұмыс істей бастайды.
– Бұл кешендер көлік құралдарының қозғалыс жылдамдығын автоматты режимде өлшеуге, құқық бұзушылықтарды тіркеуге, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін тануға және одан әрі ақпаратты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының әкімшілік іс жүргізулерінің бірыңғай тізіліміне деректер базасына беруге арналған, онда айыппұл төлеу қажеттілігі туралы нұсқама электрондық тәсілмен тіркеледі, – деді департаментте.
Айта кету керек, сағатына 10 шақырымнан асу аялдама жолын ондаған метрге арттыруы мүмкін.
Тәртіп сақшылары тағы да еске салады: жылдамдықтан асатын жүргізуші өзіне ғана емес, жол қозғалысының басқа қатысушыларына да қауіп төндіретінін ұмытпаған жөн, ал жылдамдықты шектеу – бұл жол қозғалысының барлық қатысушыларының өмірін сақтап қалуға мүмкіндік беретін шара.