14 ақпанда Павлодар облысында бұрқасын болады

Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында аздаған қар жауып, бұрқасын болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазгидрометтің мәліметінше, оңтүстік-батыс желінің жылдамдығы 9-14, түнде батыста, оңтүстікте, шығыста екпіні секундына 15-20 метрді құрайды. Түнде -10...-15, оңтүстікте -7, күндіз -3...-8 градус аяз болады.
Павлодарда сынап бағанасы түнде -10...-12, күндіз -5...-7 градус көрсетеді.