Павлодар облысында «ХҚКО» мобильдік қосымшасы жиі қолданылуда

Павлодар облысында «ХҚКО» мобильдік қосымшасы жиі қолданылуда
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

2024 жылдың басынан бастап қосымша арқылы мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының облыс бойынша филиалы баспасөз қызметінің мәліметінше, қосымша 80-ге жуық қызмет алуға мүмкіндік береді. 

Мысалы:

  • электрондық цифрлық қолтаңба беру;
  • біржолғы әлеуметтік төлемді тағайындау;
  • жүргізуші куәлігін алу үшін арнайы ХҚКО емтиханына жазылу;
  • баж салығын төлеу;
  • барлық қажетті құжаттарды тіркеу;
  • емтиханның күні мен уақытын тағайындауға болады.

– «ХҚКО» қосымшасы 2021 жылдан бастап жұмыс істейді және танымал болып келеді, – деп атап өтті аталмыш корпорация. 

– Азаматтарға орталықтарға барып уақытын жоғалтпай қызмет алу ыңғайлы. Бұл жағдайда кез-келген деректерді өзгерту қауіпі жоқ, өйткені клиенттер биометриялық аутентификациядан өтеді.

Егер қызмет алушыға ХҚКО-ға жеке бару қажет болса, онда қосымшада ол кезекті брондап, орынды, күн мен уақытты алдын ала таңдап, содан кейін смартфонда талон ала алады.

Естеріңізге сала кетейік, Наурыз мемлекеттік мерекесі күндері 21-25 наурыз аралығында Халыққа қызмет көрсету орталықтары жабылады. Павлодар қаласы, Павлов көшесі, 48 мекенжайы бойынша кезектегі ХҚКО 25 наурыз күні сағат 13:00-ге дейін жұмыс істейді.  

Халыққа қызмет көрсету орталықтары дәстүрлі жұмыс кестесіне 26 наурыздан бастап оралады.