Павлодарда қорғаныс істері басқармасының қызметкерлері сусыз отыр
Ақауды жөндеу үшін тиісті құжаттар жоқ екені анықталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде бір апта бойы қорғаныс істер жөніндегі басқарма нысаны сусыз отырғаны белгілі болды. Хабарламаның авторы қызметкерлердің далаға шығуға мәжбүр екенін жазған. «Павлодар-Водоканал» ЖШС бұл жағдайды растап, жағдайға қатысты түсініктеме берді.
– «Павлодар-Водоканал» ЖШС-де қорғаныс істер жөніндегі басқармасының нысаны қосылған су құбыры желісінің теңгерімдік тиесілігін айқындайтын қажетті құжаттар жоқ. Бұл – сумен жабдықтау желілеріне қосылуға арналған техникалық шарттар мен кімнің баласында екенін анықтайтын акт, – делінген хабарламада.
Осыған байланысты «Павлодар-Водоканал» ЖШС пайдалану жауапкершілігі шегінен тыс, қандай да бір авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге құқығы жоқ.
Қорғаныс істер жөніндегі басқармасына техникалық шарттар мен тиісті актісін алуы керек.