Павлодар облысында киім тігуге арналған материалдар бағасы төмен
Елімізде киім бағасы 2023 жылдың тамыз айының соңында бір жылда 13,3% өсті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Finprom.kz сарапшыларының мәліметінше, былтыр бағаның өсімі 11,1% болған. Киім тігуге арналған материалдардың бағасы 2023 жылдың тамыз айының соңында 8% өсті. Былтыр баға 15,6% өскен.
– ҚР өңірлерінің ішінде киім тігуге арналған материалдар бағасының айтарлықтай өсімі Жамбыл (20,6%), Абай (14,9%) және Батыс Қазақстан (14,4%) облыстарында байқалды. Бағаның ең аз өсімі Павлодар (2,4%) және Алматы (2,5%) облыстарында байқалса, Жетісу және Ұлытау облыстарында баға өзгерген жоқ, – деп жазылған хабарламада.
2023 жылдың қаңтар - тамызында киім өндірісі секторындағы негізгі капиталға инвестиция 795 млн теңгені құрады. Бұл – 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ақшалай 12,2% аз. Инвестицияның физикалық көлемінің нақты төмендеуі 16% болды.