Павлодарлық өнім қай елдерге жөнелтіледі

Павлодарлық өнім қай елдерге жөнелтіледі

Өңірдің Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен өзара саудасы кезінде импорт басымырақ болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz  тілшісі

Ұлттық статистика бюросының облыстық департаментінің мәліметінше, алдын ала деректер бойынша 2023 жылғы қаңтар-мамыр айларындағы Одақ елдері ішіндегі сауда көлемі 660 миллион АҚШ долларын құрады. Өзара сауда құрылымында тауардың 52,6 пайызы экспортқа кетті.  Облыстан 346,9 миллион АҚШ доллары көлемінде тауар шығарылды. Импорт 47,4% басым болды.  Облысқа әкелінген тауарлар көлемі 313,1 миллион АҚШ долларын құрады.

Департаменттің сөзінше, облыстың экспорт құрылымында Ресей Федерациясына, Беларусь Республикасына, Армения, Қырғызстанға  минералды өнімдері (ЕАЭО елдеріне экспорттың жалпы көлеміне 24,1%), қымбат емес металдар мен олардан жасалған бұйымдар (18,9%), химиялық және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдері (33,3%) басым болды.

Облыс төңірегінен Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен көбінесе қымбат бағалы емес металдар мен олардан жасалған бұйымдар (ЕАЭО елдерінен импорттың жалпы көлеміне 29,9%), машиналар, жабдықтар мен механизмдер (17%), химиялық және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдері (12%) әкелінді.