Павлодар облысында күріш арзандады

Павлодар облысында күріш арзандады
Фото:pixabay.com/PublicDomainPictures

ҚР-да тазартылған күріш өндірісі 2,5 мың тоннаны құрады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Energyprom.kz сарапшылары ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысын жасады.

Барлық ресурстардың 47%–ы экспортқа жіберілді. Шетелге жеткізілім 20,8% - ға өсіп, 45,8 мың тоннаға дейін жетті. Ішкі нарықта сату көлемі 51,5 мың тоннаны құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,7% - ға артық.

Бағаларға келетін болсақ, биыл маусымда еліміздің дүкендері мен нарықтарындағы бір келі күріштің құны 630 теңгені құрады. Бір ай бұрынғыға қарағанда 0,5%-ға, ал 2024 жылғы маусымға қарағанда 8,3% - ға аз.

Айлық динамикада күріш бағасының төмендеуі елдің 20 өңірінің 10-да ғана байқалды. Бағаның төмендеуі бойынша Павлодар облысы көш бастап тұр – 4,5%.

Қызылорда 4 пайыз, ал Батыс Қазақстанда 2,2 пайызға арзандады. Күріш бағасы Маңғыстау облысында тек 0,7% - ға төмендеді.

Төрт өңірде –Ұлытау, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ, Алматыда күріш бағасы өзгеріссіз қалды. Бұл ретте алты өңірде бағаның өсуі тіркелді, ол Шығыс Қазақстан облысында 3,3%-дан Алматы облысында 0,1% - ға дейін өзгерді.

ҚР ірі қалаларының ішінде күріштің ең жоғары бағасы Ақтауда (кг үшін 862 тг), Орал қаласында (801 тг) және Астанада (762 тг) атап өтілді. Күріштің бағасы Қызылордада (кг үшін 519 тг), Шымкентте (526 тг) және Алматыда (558 тг) арзан болды.