Павлодарлықтар мамандығын қалай таңдағанын айтып, жүлде ұтып ала алады

Павлодарлықтар мамандығын қалай таңдағанын айтып, жүлде ұтып ала алады
Фото: pixabay.com

Қатысушыларды арнайы комиссия мүшелері бағалайтын болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық еңбек басқармасы Еңбек күніне орай байқау ұйымдастырады. 

– Ол үшін инстаграмда #enbekeri хэштегін белгілеу қажет, сонымен қатар біздің @trud.pvl аккаунтымызды белгілеңіз және таңдалған мамандық туралы ерекше оқиғаларыңызбен бөлісіңіз, – деді басқармада. – Қатысушыларды арнайы комиссия бағалайтын болады. Жеңімпаздардың бірін көрермендер таңдайды.

Байқаудың қатысушылары келесі шарттарды орындауы тиіс: 

1. Жұмыс істеп жатқан жеріңізде фотоға түсіп, видео жазып алу керек.

2. Видеода таңдалған мамандығыңыз туралы өз оқиғаңызды айтып беру қажет. Сіз оны не үшін таңдадыңыз және ол сіздің өміріңізді қалай өзгертті?

Фотосуреттер мен видеолар 8-17 қыркүйек аралығында қабылданады. Конкурстық материалдар қатысушының жеке парақшасында жариялануы шарт. Қорытындысы 18 қыркүйекте шығарылып, жеңімпаздарға жүлделер беріледі.