Павлодар облысында кәмелетке толмаған баланы зорлаған ер адам 20 жылға сотталды

Павлодар облысында кәмелетке толмаған баланы зорлаған ер адам 20 жылға сотталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Сотталушы кінәсін мойындаудан бас тартты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ер адамның жас балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды (ҚК 121-б. 4-б.). 

Істің мән-жайын заңмен жария ету мүмкін болмағандықтан, іс жабық сот отырысында қаралды.

Сотталушының кінәсі жәбірленушінің, куәлардың, іс бойынша жүргізілген сараптамалармен және сотта зерттелген басқа да айғақтармен дәлелденді. 

Жәбірленушінің заңды өкілі бес миллион теңге көлемінде талап қою ұсынып, оны қанағаттандыруды сұрады.

Сотталушы кінәсін мойындамай, ақтау үкімін шығаруды сұрап, талап қоюды мойындамады.

Қылмыс аса ауыр қылмыстар санатына жатады және 20 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

– Сот жеңілдететін мән-жайларды – соттылығының болмауын, жас болуын және жауаптылықты ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескере отырып, ер адамға 20 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындады,– деді облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінде.

Талап қою ішінара қанағаттандырылды. Моральдік зиянды өтеу ретінде жәбірленушінің пайдасына 3 миллион теңге өндірілді. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.