Авангард пен ассамбляж: Павлодарлықтарды музей түнінде не күтеді?

Авангард пен ассамбляж: Павлодарлықтарды музей түнінде не күтеді?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Келем деушілер үшін кіру – тегін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

17 мамырда сағат 17:00-де Н.Нұрмұхаммедов атындағы облыстық көркемсурет музейінде өнер мен шығармашылық эксперименттерді бағалайтын креативті жастарға арналған «Музей түні – 2024» өтеді. Шара «Ертіс Медиа» холдингінің ақпараттық қолдауымен ҚР-дағы алғашқы авангард суретшілері мен модернистерінің «Новые степные» көрмесінің 30 жылдығына арналып ұйымдастырылады. 

Экспозицияда XX-XXI ғасырлардағы Павлодар, Қазақстан, Ресей авангарды, музей қорынан және жеке коллекциялардан кескіндеме, графика, ассамбляж, бейне және медиа-арт жұмыстары ұсынылады. 

Ал 17:30-да түрлі тақырыптар бойынша презентациялар өткізіледі. Кешкі сағат 18:30-да суретші Андрей Оразбаевтың абстрактты кескіндеме бойынша шеберлік сыныбы болады. Ал 19:00-де «Вернисаж» сән театрының авангардтық топтамалары көрсетіледі. 

Ашылу күні кіру – тегін. Көрме айдың соңына дейін жұмыс істейді.