Павлодар облысында Республика күні кеңейтілген жәрмеңке өтеді
Қала әкімдігі мерекеге арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, 2023 жылғы 21 қазанда Павлодар қаласында Торговая көшесі, 2а құрылыс (Космонавтар және Торговая көшелерінің қиылысы) мекенжайы бойынша кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу жоспарлануда.
Жәрмеңкеге Железин, Тереңкөл, Аққулы, Павлодар, Успен, Шарбақты аудандарының, Павлодар және Ақсу қалаларының тауар өндірушілері қатысады. Еттің барлық түрін Железин, Тереңкөл, Аққулы, Павлодар, Успен, Шарбақты аудандарының, Павлодар қаласының тауар өндірушілері жеткізеді.
Тауық жұмыртқасын «Павлодар-Құс» ЖШС, «Шарбақты-Құс» ЖШС жергілікті құс фабрикалары қамтамасыз етеді.
– Картоп пен көкөністермен Железин, Павлодар, Тереңкөл, Аққулы аудандары мен Ақсу және Павлодар қалаларының тауар өндірушілері қамтамасыз етеді. Шикі сүт Успен («Галицкое» ЖШС), Шарбақты («Победа» ЖШС), Павлодар аудандарынан («Карандашов» ЖК) және Павлодар қаласынан («Конвишер»ШҚ) жеткізіледі, – дейді басқармада.
Ауылшаруашылық базарында сиыр етінің бағасы – 1700-2100 теңге/кг, қой еті – 1900-2100 теңге/кг, жылқы еті – 2300-2500 теңге/кг, шикі сүт – 200 теңге/литр, картоп, сәбіз, пияз – 90 теңге/кг, қырыққабат – 110 теңге/кг және т.б. өнімдер.
Осыған ұқсас жәрмеңкелер Ертіс, Ақтоғай, Баянауыл аудандары мен Екібастұз қаласының тауар өндірушілерінің қатысуымен Екібастұз қаласында («Халық» базарында), Май ауданы мен Ақсу қаласының тауар өндірушілерінің қатысуымен Ақсу қаласында («Ауыл» базарлары) ұйымдастырылады, сондай-ақ облыстың 10 ауданында жәрмеңкелер ұйымдастырылады.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 21 қазаннан бастап көшедегі сауда павильондарында ет сату нарықтық бағадан 10-15% төмен бағамен қайта басталады.