Павлодар облысында көктайғақ күтілуде
25 қараша күні аймвқтың оңтүстік-батысынан күші 15-20 м/с жететін жел соғады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
- Ертең түнде Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ, баяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан күші 15-20 м/с жететін жел соғады. Ал түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с жел болады деп күтіледі, - делінген хабарламада.
Павлодар қаласында түнде көктайғақ, жаяу бұрқасын болады деп болжануда. Оңтүстік-батыстан күші 15-20 м/с жететін жел жел тұрып, түнде оның екпіні 23 м/с жетеді.
- Жел мен боран күшейген кезде қардың пайда болу ықтималдығы, ғимарат пен құрылыстар құрылымының әлсіз нығайтылған элементтерінің құлауы, автокөлік қозғалысының қиындауы, көрінудің нашарлауы артады. Жолдардағы апатты жағдайларды болдырмау үшін жылдамдық режимі мен қашықтықты сақтау қажет, - деді төтеншеліктер.
Мамандар жүргізушілерге көктайғақ кезінде педальмен немесе рульмен кенеттен қозғалыстар жасамауды, кез келген маневр сырғанауға әкелуі мүмкін екенін ескертеді. Әрі алыс жолға шықпас бұрын осы бағыттағы жолдардың 112 нөміріне немесе "Дармен" мобильді қосымшасы арқылы ашық екеніне көз жеткізіп алуға кеңес береді.
- Жел күшейген жағдайда, сыртта жүргенде жақын маңдағы электр желілерінен аулақ болыңыз. Сондай-ақ, үйлердің карниздерінен, шыны витриналардан, жарнамалық стендтерден және созылу белгілерінен аулақ болу, нәзік шатырлар мен ағаштардың жанында тұрмау, олардың жанында көліктеріңізді қоймауға тырысыңыздар, - дейді мамандар.