Павлодар облысының әкімі мемлекеттік қызметшілерді құттықтады

Павлодар облысының әкімі мемлекеттік  қызметшілерді құттықтады
Фото: Константин Шелков

23 маусым - мемлекеттік қызметкерлер күні, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

– Бүгінде мемлекеттік аппарат жаңа жағдайларда жұмыс істеуде және өте маңызды жұмыс тәжірибесін жинауда: бір уақытта өзекті мәселелерді шеше отырып, барлық салаларда реформаларды жүзеге асыруда,– дейді Асайын Байханов.

Біздің облыста мемлекеттік қызметте 2000-нан астам адам қызмет етеді. Олар өңірде әлеуметтік және экономикалық бағдарламаларды іске асырады, азаматтарымыздың өмірін жақсарту үшін басқарушылық шешімдер қабылдайды.

Облыс әкімінің айтуынша, мемлекеттік қызметкер болу - бұл мамандық емес, міндет те емес. Бұл жауапкершілікке, адалдыққа және қоғамға пайдалы болуға деген ұмтылысқа негізделген қызмет.

– Сіздерге және отбасыларыңызға денсаулық, бақыт, кәсіби ынта-жігер мен жаңа табыстар тілеймін, – дейді өңір басшысы.

Сонымен қатар, билікке деген сенім мемлекеттік қызметкерден басталатынын, сондықтан, жұмысты адал атқару қажет екенін атап өтті.