Сірке суын шашты: Павлодарда әйел мысыққа қатыгездікпен қарады деп айыпталуда

Сірке суын шашты: Павлодарда әйел мысыққа қатыгездікпен қарады деп айыпталуда
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Полицейлер жануарға қатыгездікпен қарау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар қаласының подъезінің біріндегі бақылау камерасының жазбасы әлеуметтік желіде таралып, талқыға салынды.  Бейнеде тұрғын подъезд ішінде мысықтың болғанын біле тұра, сірке суын шашып жатқан сәті түсіп қалды. Аталған жағдайға қатысты облыстық полиция департаменті түсінік берді. 

– Бейне бойынша полицейлер тексеріс жүргізді. Тұрғынның жеке басы анықталды.  ҚР ҚК-нің 316-бабы (Жануарларға қатыгездiкпен қарау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды,– деді департаментте. 

Бейненің авторы қатыгездік танытқан әйел адамның мемлекеттік қызметші екенін жазған болатын. Облыстық полиция департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарды.Полицейлердің сөзінше, мысық тірі қалды.