Павлодарда тоғыз автобус қозғалыс бағыттарын өзгертті

Павлодарда тоғыз автобус қозғалыс бағыттарын өзгертті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Наурыз мерекесін тойлау мақсатында бірнеше көше жабылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қалалық ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің мәліметінше, 20-22 наурыз аралығында автокөліктер үшін келесі көшелердің қозғалысы шектеледі: 

  • Ак. Сәтбаев, Астана көшелері Лермонтов көшесінен Естай көшесіне дейін;
  • Қайырбаев көшесі Ак. Бектұров көшесінен Астана көшесіне дейін;
  • Кривенко көшесі Қайырбаев көшесінен Астана көшесіне дейін.

Осыған байланысты № 1, 1э, 5, 10, 21, 22, 31, 18, 27 автобус маршруттарының қозғалыс сызбаларына уақытша өзгерістер енгізілді.

№ 1, 1э, 5 автобус маршруттары жабылған учаскені Ак.Сәтбаев – Естай – Ак.Бектұров – Лермонтов көшелерімен айналып  өтеді.

№ 10, 21, 22, 31 автобус маршруттары аталмыш учаскені Ак.Сәтбаев – Естай – Ак. Бектұров – Лермонтов – Ак. Сәтбаев көшелерімен айналып өтетін болады.

Ал № 18, 27 автобус маршруттары Естай – Ак.Бектұров – Лермонтов – Ак. Сәтбаев көшелерімен айналып өтеді. Сол сияқты кері бағытта.

Бөлім мамандары келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.