Аққулы ауданында шөп өртеу фактісі анықталды

Аққулы ауданында шөп өртеу фактісі анықталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Табиғи өрттердің пайда болуының негізгі себептері  – халықтың отты абайламай қолдануы, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 сәуірде рейдтік іс-шараларды өткізу барысында мобильді топ Жамбыл ауылдық округінің аумағында өткен жылғы шөп маяларын өртеу фактісін анықтады. Жеке тұлғаға қатысты ҚР ӘҚБтК 410-бабы, 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. 

Орман және дала алқаптарында жанып жатқан сіріңке мен темекі тұқылын тастауға тыйым салынады.  От, қоқыс пен құрғақ шөпті жағу, шыны заттарды (бөтелкелерді), май жағылған немесе жанғыш заттар сіңірілген материалдарды қалдыру аса қауіпті.