Павлодарлық төбелестен кейін қайтыс болды
Жас жігітті соққыға жыққан, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қала тұрғынының өлімін полицейлер тергеп жатыр.
– Павлодарлықтың өліміне әкеп соққан, түнгі клубтардың бірінің жанында болған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша тергеу жүргізілуде. Күдікті ұсталып, УҚИ-не қамауға алынды, – деді облыстық полиция департаментінің баспасөз орталығында.
Жедел медициналық қызметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, шақыру 11 тамыз күні сағат 04:48-де түскен. Келген дәрігерлер соққыға жығылған жігіттің қайтыс болғанын растады.