Екібастұз қаласында мотоцикл мен автокөлік соқтығысты
Мотоцикл жүргізушісі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
- Бүгін яғни 4 тамыз күні сағат 17:20-да Екібастұз қаласы Энергетиктер көшесінде Mitsubishi Galant автокөлігі мен мотоцикл соқтығысқаны туралы хабарлама келіп түсті. Жол апаты бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, - делінген хабарламада.
Облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, жол-көлік оқиғасы салдарынан 39 жастағы көлік жүргізушісі түрлі дене жарақаттарымен Екібастұз қалалық ауруханасының травматологиялық бөлімшесіне жатқызылды.
Қазіргі таңда көліктер арнайы айып тұрағына қойылып, тергеу жүргізілуде.